Елдегі ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілмек

Бұл бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.

Елдегі ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілмек Фото: inform.kz

Мұны Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Сонымен қатар, біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын, – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылады. 

– Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу