Елдің климаты жел электр станцияларын салуға қолайлы – Алмасадам Сәтқалиев

1058

Жел энергетикасының энергетикалық әлеуеті жылына 920 млрд кВт/сағ құрайды. 

Елдің климаты жел электр станцияларын салуға қолайлы – Алмасадам Сәтқалиев Фото: freepik

Қазақстан жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуда айтарлықтай әлеуетке ие. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Елдің кең аумағы жел, күн және гидроэнергетиканы дамытудың, заманауи технологияларды енгізудің және орнықты дамудың жоғары әлеуетіне ие. Республикада таяу уақытта жел генерациясын дамыту бойынша әлемде көшбасшы позицияға ие болудың барлық мүмкіндігі бар", - деді ведомство басшысы Сенатта өткен Парламенттік комиссия отырысында. 

Сөзінше, Қазақстаның климаты жел электр станцияларын салуға қолайлы. 

"Сараптамалық бағалауларға сәйкес, елдегі жел энергетикасының энергетикалық әлеуеті жылына кемінде 920 млрд кВт/сағ құрайды. Бұл ретте Каспий өңірі, оңтүстік өңір, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпасы жел энергиясының ең жоғары әлеуетіне ие", - деп жалғастырды Сәтқалиев.

Бұдан басқа министр күн энергиясының әлеуетіне де тоқталды. 

"Елдің оңтүстік аймақтарында бұл жылына шамамен 2200-3000 күн сағаты. Күн генерациясын орналастырудың ең қолайлы аудандарына Арал өңірі мен Қазақстанның оңтүстік облыстары жатады", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кету керек, осыған дейін 2030 жылға қарай еліміздегі газдандыру деңгейі 65%-ға дейін жеткізілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу