Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
60 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз ширек финалда Моңғолия өкілі Ариунболд Энхтайванмен кездесті. Елдос Сметов қарсыласынан басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Осылайша Олимпиада чемпионы Азия ойындарының жартылай финалына шықты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу