Елена алғаш рет Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

777

Қатарынан 11 матчта жеңіске жеткен Елена Рыбакина жеке рекордын жаңартты.

Елена алғаш рет Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты Фото: ktf.kz

Елена төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлік байқасып 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен оңай ұтты. Бұл – Еленаның қатарынан он бірінші жеңісі Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының жартылай финалына шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

Рыбакина Майамидегі турнирдің 1/4 финалына шығуы туралы пікір білдірді

"Бүгін өте қиын матч болды. Мен кездесуді жақсы бастадым деп айта алмаймын. Бірақ бәрі екі сетте аяқталғанына қуаныштымын. Физикалық тұрғыдан алғанда бабымда емеспін. Бірақ жолын тауып, қиындықтарды жеңіп жатқаныма қуаныштымын. Ширек финалға шығу өте керемет. Ертең мен бұдан да жақсырақ ойнаймын деп үміттенемін!", - деді Рыбакина WTA сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Елена жас қазақстандық теннисшілердің болашақта өзі сияқты топ-ойыншы болуы үшін қарқынды дамуына қаржы бөлді. Рыбакина кімге қолдау көрсету керектігін өзі таңдады. 14 ойыншы 2,5 млн теңгеден алды. Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Әмина Нұрмахан, Ариана Гогулина, Сәтима Төреген, Ева Корышева, Альбина Кәкенова, Асылжан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нұпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева, Зара Дәркен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу