Елена неге ашулы?

1332

Елена Рыбакина Токиода (Жапония) өтетін WTA 500 турнирінің жеребесіне қатысты пікір білдірді.

Елена неге ашулы? Фото: Dubai Duty Free tennis

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің бесінші ракеткасы Токиода өтетін WTA 500 турнирінің жеребесінің нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. Себебі турнирдің төртінші ракеткасы болып тіркелген Мария Саккари мен турнирдің бесінші ракеткасы Каролин Гарсия бірден екінші айналымға жолдама алса, үшінші ракетка болып тіркелген Рыбакина жарысты бірінші айналымнан бастайтын болды. Бұған Рыбакина наразылығын білдірді.

"Соңғы минутта ережелерді өзгерткендеріңіз үшін рахмет! Тамаша шешім. WTA, әдеттегідей. ...", - деді Елена Instagram парақшасында.

Неліктен Саккари мен Гарсия тікелей екінші айналымға өтті. Ал Рыбакина өтпеді? Мәселе WTA ережесі болып табылады. Ол Performance bуе деп аталады. Оның мақсаты – үздік теннисшілер соңғы уақытта өткен турнирлерде соңғы кезеңдерге дейін жеткен болса, алдағы турнирден бас тартпауы үшін осындай өзгерістер енгізу.

Токиода (Жапония) 25 қыркүйек пен 1 ​​қазан аралығында өтетін WTA-500 турнирінің жеребе тарту рәсімінің нәтижесі мынадай: жарыстың тізгінін Үлкен дулыға турнирлерінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы, поляк теннисшісі Ига Швентек ұстады. Ол бірінші айналымға қатыспайды. Ал екінші кезеңде Нао Хибино (Жапония) - Q кездесуінің жеңімпазымен сынға түседі. Әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Джессика Пегула аталмыш жарыстың екінші ракеткасы болып тіркелді. Екінші кезеңде Джессика Кристина Бушкемен (Испания) немесе іріктеу кезеңінің жеңімпазымен ойнайды.
Уимблдон-2022 чемпионы, қазақстандық Елена Рыбакина (WTA рейтингінде бесінші орын) жарыстың үшінші ракеткасы болып өнер көрсетеді. Ол 1/16 финал аясында әлемнің 41-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен кездеседі. Матч 25-қыркүйек күні елорда уақыты бойынша 8:00-ге жоспарланған. Айта кетейік, теннисшілер биылғы Ролан Гарроста бір рет кездесіп, Рыбакина екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Сондықтан бұл текетірестің фавориті Елена екені сөзсіз.
Токиода өтетін WTA 500 турнирінің бірінші тур ойындары 25 және 26 қыркүйекте, ал екінші кезең 27 және 28 қыркүйекте өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу