Елена Рыбакина жаңа маусымды чемпиондық атағын жеңіп алған турнирден бастайды

121

Brisbane International жарысы 2027 жылғы 3-10 қаңтар аралығында өтеді.

Елена Рыбакина жаңа маусымды чемпиондық атағын жеңіп алған турнирден бастайды Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2027 жылғы маусымын Австралияда өтетін Brisbane International турнирінен бастайды. Жарыс ұйымдастырушылары әлеуметтік желіде әлемнің бірінші ракеткасының турнирге қатысатынын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлемнің бірінші ракеткасы. Брисбен чемпионы. Қайта оралғаныңа қуаныштымыз", – делінген турнирдің ресми парақшасындағы жазбада.

Brisbane International жарысы 2027 жылғы 3-10 қаңтар аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы бәсеке WTA 500 санатына жатса, ерлер турнирі ATP 250 деңгейінде ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа Германия теннисшісі Александр Зверев те қатысады.

Елена Рыбакина бұл турнирде 2024 жылы жеңімпаз атанған. Сол кезде қазақстандық теннисші финалда Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:0, 6:3 есебімен жеңген еді.

Ал 2026 жылғы жарыстың чемпионы – Арина Соболенко. Беларусь теннисшісі финалда Украина өкілі Марта Костюкті 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Осылайша, Рыбакина жаңа маусымды өзі бұрын топ жарған турнирде бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу