Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін турнирге қатысады

203

Жүлде қоры миллион доллардан асатын турнирде Елена жоғары нәтиже көрсетуге ниетті.

Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтетін турнирге қатысады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Абу-Дабиде өтетін алдағы турнирге қатысты жоспарымен бөлісті. Ол 1-7 ақпан аралығында ел астанасында өтетін Mubadala Abu Dhabi Open-2026 жарысына қатысады.

Өткен маусымда Рыбакина бұл турнирде жартылай финалға дейін жетіп, швейцариялық Белинда Бенчичке жол берген болатын.

Елена Абу-Дабидегі турнирді ерекше жақсы көретінін жасырмады.

"Өткен жылы Абу-Дабиде өте жақсы әсер алдым. Мұнда тенниске жанкүйерлердің қолдауы керемет. Жартылай финалға шығу маған маусымды сәтті бастауға көмектесті. Биыл бұл турнирге биік мақсатпен оралып отырмын. Бәсеке қиын болғанымен, бірақ бұл жарысты одан әрі қызықты етеді", — деді Рыбакина.

Жаңа маусымды қазақстандық теннисші Брисбенде өткен WTA 500 турнирінен бастады. Аустралиядағы жарыста Рыбакина ширек финалға дейін жетті. 9 қаңтарда өткен үш сетке созылған матчта ол чехиялық Каролина Муховаға жол берді – 2:6, 6:2, 4:6. 

Айта кетейік,  2026 жылғы жарыстың жүлде қоры 1 206 446 АҚШ долларын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу