Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды

852

Қазақстандық теннисші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды Фото: @lenarybakina

Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең – 2:2.

Бұл жолы бірінші партияда Е.Рыбакина бет қаратпады – 6:1. Елена екінші сетте де брейкпен алға кеткенімен, ресейлік теннисші сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2.

Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. Касаткина 5 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) үздік шыққан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу