Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты

939

Жүлде қоры 535 мың АҚШ долларына бағаланған аталмыш дода 9 қаңтарда аяқталады.

Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 90-орында тұрған чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 3:1 есебімен алға кетті. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Елена екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Сосын қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:4. Бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды. Рыбакина жүлде қоры 535 мың АҚШ доллары тұратын доданың жартылай финалына шығу үшін рейтингте 40-сатыдағы америкалық Шелби Роджерспен таласады. Естеріңізге сала кетейік, Е.Рыбакина жаңа жылдағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 132-орында тұрған аустралиялық Сторм Сандерспен өткізді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші басымдылық танытты – 6:4. Екіншісінде аустралиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайырса, үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:1. Екі сағатқа созылған бәсеке барысында Елена 9 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды. Қарсыласы 5 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) шектелді. Ермұхамед Мәулен Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу