Елена Рыбакина әйелдер теннисі тарихында рекордтық табысқа қол жеткізді

79

WTA қорытынды турнирінде жеңімпаз атанған қазақстандық теннисші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина рекордтық көлемде табыс тапты.

Елена Рыбакина әйелдер теннисі тарихында рекордтық табысқа қол жеткізді Фото: eurosport.it

Барлық қарсыластарын жеңген Елена Рыбакина 5,2 млн АҚШ долларына ие болды.

Бұған дейінгі рекорд әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкоға тиесілі еді.

Ол биылғы АҚШ ашық чемпионатында 5 млн доллар табыс тапқан болатын.

Жылдың қорытынды турнирінде финалға дейін жетіп, Елена Рыбакинадан ұтылған Арина Соболенко 2,6 млн доллар алады.

Елена Рыбакинаның спорттық мансабында тапқан жалпы табысы 24 млн доллардан, ал Арина Соболенконың табысы 44 млн доллардан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу