Елена Рыбакина Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінің ширек финалында Арина Соболенконы 6:1, 6:4 есебімен ұтты.
Ойын барысында Елена Рыбакина 11 эйс жасап, бір ғана қос қате жіберді және 5 брейк-пойнттың 3-еуін жүзеге асырды. Бұл Рыбакинаның мансабындағы WTA 1000 деңгейіндегі 11-ші жартылай финалы.
Осылайша, өзара кездесулердегі есеп – 5:7, әзірге Беларусь спортшысы алда.
Жартылай финалға шыққаны үшін Елена Рыбакина 206 мың доллар сыйақы мен 390 рейтингтік ұпайға ие болды.
Финалдық жолдама үшін Елена Рыбакина 1/4 финалда ресейлік Анна Калинскаяны жеңген польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі. Матч сенбіге жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу