Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастауы мүмкін

295

Арина Соболенко чехиялық Сара Бейлекке 6:7 (7:9), 4:6 есебімен есе жіберді. 

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастауы мүмкін Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің қорытындысы бойынша алғаш рет әлемдік рейтингтің көшін бастауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконың жарыстан шығып қалуы жол ашты. Беларусь теннисшісі төртінші айналымда чехиялық Сара Бейлекке 6:7 (7:9), 4:6 есебімен есе жіберіп, ширек финалға өте алмады.

Енді Рыбакинаның тағдыры өз қолында. Қазақстандық теннисші Цинциннати турнирінің финалына шықса, кемінде 650 рейтингтік ұпай иеленіп, Соболенконы басып озады. Бұл жағдайда Рыбакина мансабында алғаш рет WTA рейтингінің бірінші сатысына көтеріледі.

Ал турнирде чемпион атанса, 1000 ұпай алып, әлемдік рейтингтегі жаңа орнын одан әрі нығайта түседі.

Алайда Рыбакинаны алдымен маңызды сынақ күтіп тұр. Ширек финалда ол әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу