Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды

684

2026 жылғы WTA маусымы ресми түрде басталды.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі орнын сақтап қалды Фото: Жеке парақшасынан

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2026 жылғы алғашқы әлемдік рейтингті жариялады. Жаңартылған тізімде жекелей және жұптық сындағы теннисшілердің орны белгілі болды.

Жекелей сында рейтинг көшін Беларусь өкілі Арина Соболенко бастап тұр. Екінші орында – Польша теннисшісі Ига Швёнтек. Үшінші орынға америкалық Аманда Анисимова көтерілді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингтегі бесінші орнын сақтап қалды. Ал Юлия Путинцева үш сатыға төмендеп, 74-орынға түсті.

Жұптық сында көшбасшылық Чехия өкілі Катержина Синяковаға тиесілі. Екінші орында – АҚШ теннисшісі Тейлор Таунсенд. Үшінші орынды италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани бөлісіп отыр.

Қазақстандық жұптық теннисшілер арасында ең жоғары көрсеткіш – Анна Данилинаға тиесілі. Ол бір саты жоғарылап, 14-орынға көтерілді. Юлия Путинцева да бір позицияға ілгерілеп, 106-орында тұр. Жібек Құламбаева 136-орыннан 134-сатыға көтерілді. Ал Елена Рыбакина жұптық рейтингте үш саты жоғарылап, 265-орынға орналасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу