Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды

160

Бұл нәтиже АҚШ-та өтіп жатқан Indian Wells турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін тіркелді.

Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға қарсы келді.

Бұл қос спортшының өзара сегізінші кездесуі еді. Осыған дейін 7 матчтың төртеуінде Рыбакина жеңді. 

Бірінші партияда Елена айқын басымдылық танытты – 6:1.

Екінші сетте Пегула 4:2 есебімен алға кеткенімен, Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 4:4. Ақыры тай-брейкте мерейі үстем болды – 7:6 (7:4).

Бір сағат 28 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Пегула 5 эйс, бір брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, украиналық Элина Свитолинамен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті қапы қалдырды – 6:2, 4:6, 6:4.

Қазіргі live-рейтинг бойынша Рыбакинаның еншісінде 7523 ұпай бар және ол екінші орында тұр. Ал рейтинг көшін 10415 ұпай жинаған беларусьтік теннисші Арина Соболенко бастап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу