Елена Рыбакина әлемнің үздік 20 теннисшісі қатарында

2110

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингісінің жаңартылған нұсқасы жарияланды.

Елена Рыбакина әлемнің үздік 20 теннисшісі қатарында

Аустралиялық Эшли Барти Әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Польшалық Ига Свёнтек екінші орынға, ал үшінші орынға грекиялық Мария Саккари көтерілді. Қазақстандық теннисшілерден Елена Рыбакина екі позицияны артқа тастап, 18-орынға тұрақтады. Юлия Путинцева 47-орында қалса, Зарина Дияс екі саты төмендеп, 112-орынға жайғасты.

Жұптық сайыс бойынша үздік үштік өзгеріссіз қалды: Катерина Синякова, Барбора Крейчикова (екеуі де Чехия), Элиза Мертенс (Бельгия). Қазақстандық теннисші Анна Данилина рейтингтегі позициясын өзгерткен жоқ. Ол бұрынғысынша 22-орында қалды. Ал Рыбакина үш қатардан төмендеп, 53-орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы да (ATP) жекелей және жұптық жарыстар бойынша теннисшілердің жаңа рейтингін жариялады. Үздік үштікте өзгерістер орын алды. Серб Новак Джокович Ресей өкілі Даниил Медведевті екінші орынға ығыстырып, көш бастады. Испаниялық Рафаэль Надаль төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Қазақстанның ең мықты теннисшісі Александр Бублик бір қатар жоғары көтеріліп, 32-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин төрт саты жоғалтты – 158-ші, Дмитрий Попко – 175-ші (-9). Италияда өткен Челленджердің жартылай финалына шыққан Тимофей Скатов бірден 28 саты жоғары көтеріліп, ТОП-200 қатарына 193-орынмен енді.

Жұптық сайыстар бойынша хорват Мате Павич бірінші, британиялық Джо Сэлисбери екінші орында болса, тағы бір хорватиялық теннисші Никола Мектич үшінші орынға көтерілді. Андрей Голубев екі саты көтеріліп, 25-орында келеді. Ол осылайша жеке рекордын қайталады. Александр Недовесов 63-ші, Александр Бублик бір сатыға көтеріліп, 66-орынға жайғасты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу