Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады

716

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіспен бастады Фото: https://t.me/RRaketkasi

Кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған, қазір рейтингіде 38-орында тұрған чехиялық, 31 жастағы тәжірибелі Каролина Плишкова оңай шағылар жаңғақ емес-ті.

Бірінші партияда Каролина брейк жасап, 2:0 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды.

Тай-брейкте де чехиялық спортшы 6:3 есебімен алға шығып, төрт бірдей сетболын пайдалана алмады. Е.Рыбакина қатарынан бес допты өзіне жазды — 7:6 (8:6).

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті — 2:1. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 57-ракеткасы, ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу