Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты

217

Ол 1/4 финалда Ига Швентекке қарсылас атанды.

Елена Рыбакина Australian Open турнирінің ширек финалына шықты Фото: tennis.com

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті.

Турнирдің төртінші айналымында Рыбакинаның қарсыласы – Бельгия өкілі Элизе Мертенс болды. Нәтижесінде, қазақстандық теннисші екі сетте сенімді жеңіске жетті – 6:1, 6:3. Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл кезеңде ол Польша теннисшісі Ига Швентекпен кездеседі. Матч 26 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, биыл Аустралиядағы "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы 2 793 365 АҚШ долларын және 2000 рейтингтік ұпай алады. Ал 1/4 финалдық кезеңге дейін жеткені үшін Елена Рыбакина кемінде 750 000 аустралиялық доллар (шамамен 256,5 миллион теңге) табыс тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу