Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Турнирдің бірінші айналымында Елена Рыбакинаның қарсыласы словениялық Кайя Юван (100-орын) болды.
Кездесу барысында қазақстандық спортшы ойын тізгінін өз қолында ұстап, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:4, 6:3.
Матч 1 сағат 12 минутқа созылды. Елена Рыбакина 2 эйс жасап, 7 рет қос қате жіберді және 10 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды. Ал Кайя Юван 1 эйс орындап, 6 қос қате жіберді. Сондай-ақ, матч барысында 9 брейк-пойнттың 4-еуін жүзеге асырды.
Осы нәтижемен Елена Рыбакина жарыстың екінші кезеңіне жолдама алып, келесі айналымда Франция өкілі Варвара Грачеваға (WTA рейтингінде 77-орын) қарсы кортқа шығады.
Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирі 31 қаңтарға дейін жалғасады.