Қарсыластар бұған дейін 14 рет кездескен, оның 8-інде Арина Соболенко жеңіске жеткен.
Бірінші сетте Елена Рыбакина 1 брейк жасап, 6:4 есебімен сетті жеңді. Екінші сетте Арина Соболенко брейкпен жауап беріп, 6:4 есебімен теңесті. Шешуші, үшінші сетте Беларусь өкілі 3:0 алға шықса да, Елена Рыбакина қатарынан 5 гейм ұтып, 6:4 есебімен матчты өз пайдасына шешті.
2 сағат 19 минутқа созылған бәсекеде екі спортшы да әсерлі ойын көрсетті. Елена Рыбакина 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың 3-ін тиімді пайдаланды, ал Арина Соболенко 5 эйс пен 2 брейк-пойнтқа қол жеткізді.
Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open тарихында алғаш рет чемпион атанып, әлемдік теннис сахнасында мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.