Елена Рыбакина Цинциннати мастерс турнирінің ширек финальна шықты

122

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен таласады. 

Елена Рыбакина Цинциннати мастерс турнирінің ширек финальна шықты Фото: Әлеуметтік желіден

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарсыластар осыған дейін биыл Штутгарт (Германия) WTA 500 жарысының 1/8 финалында кездесіп, онда Е.Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен басым түскен еді.

Бұл жолы бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасай алды – 6:4. 
Екінші сетте де қазақстандық спортшы брейкпен алға шықты – 3:1. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 27 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 8 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Шнайдер 1 эйс жасағанымен, 7 брейк-пойнтты пайдалана алмады.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен таласады.

Өткен аптада Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің финалында Е.Рыбакина И.Швентектен жеңіліп қалған еді. Сонда кеткен есесін қайтара ала ма, оны алдағы ойын көрсетеді. 

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Цинциннатиде екінші айналымда бельгиялық Магали Кемпен – ресейлік Александра Пановаға жол берді – 3:6, 2:6.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу