Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финальна шықты

299

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен шеберлік байқасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финальна шықты Фото: ҚТФ

Қарсыластар осыған дейін бес рет кездесіп, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады – 7:6 (7:3). 

Екіншісінде Рыбакина есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы үстемдік танытты - 6:2.

Екі сағат 25 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 6 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Киз 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол төртінші айналымда рейтингіде 42-орындағы испаниялық Джессика Бузас Манейроны жолдан тайдырды – 6:1, 7:5.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу