Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымына шықты

245

Енді ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. 

Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымына шықты Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы Цинциннати турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзінің 41-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Фрехпен кездесті.

Жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтатылған матч екі сағатқа созылды. Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:4, 7:6 (7:2) есебімен жеңді.

Кездесу барысында қазақстандық спортшы бес эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ 18 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына шықты. Енді ол әлемдік рейтингте 14-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Бұл олардың қатты жабындағы алғашқы кездесуі болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу