Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында Ига Швентекке қарсы матчты соңына дейін жеткізе алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу кезінде әлемнің екінші ракеткасы денсаулығына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Рыбакина жарысты тоқтатқан сәтте есеп Швентектің пайдасына 4:1 болған, ал алтыншы геймде 40:40 тіркеліп тұрды.
Матч небәрі 28 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Рыбакина бір эйс жасап, бір қос қате жіберді және брейк-пойнт мүмкіндігін пайдалана алмады. Швентек бір брейк жасап үлгерді.
Осылайша, әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швентек Цинциннати турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.
Рыбакинаның денсаулығына қатысты нақты мәселе әзірге айтылған жоқ.