Елена Рыбакина Доха WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті

720

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 57-орында тұрған қытайлық Чжу Линьмен ойнады. 

Елена Рыбакина Доха WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті Фото: ktf.kz

Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Осыған дейін қарсыластар өзара екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. 2019 жылы Аустралия ашық біріншілігінде қытайлық спортшы 6:2, 6:4 есебімен ұтса, кейін сол жылы қыркүйекте Рыбакина Уханьда (Қытай) қарымта қайырды – 7:5, 2:6, 6:0.

Бұл жолы Елена матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Содан кейін сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

Екінші партия да осылай өрбіді – 3:0. Тағы бір брейк – 5:1. Матчқа доп бергенде де қиналған жоқ – 6:1.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Рыбакина 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Елена Рыбакина жүлде қоры 3,2 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың ширек финалына шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу