Елена Рыбакина Дохада күтпеген жерден жеңіліс тапты

120

Елена Рыбакина мен Виктория Мбоко арасында өткен тартысты матч 2 сағат 25 минутқа ұласты. 

Елена Рыбакина Дохада күтпеген жерден жеңіліс тапты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Дохада өтіп жатқан Qatar TotalEnergies Open турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты.

Елена Рыбакина канадалық Виктория Мбокодан үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:4, 4:6 есебімен ұтылды.

Жартылай финалда Мбоко латвиялық Еленой Остапенкомен кездеседі. 

Бұған дейін Елена Рыбакина турнир барысында қытайлық Ван Синьюйді 6:2, 6:4 есебімен, сондай-ақ Чжэн Циньвэньді 4:6, 6:2, 7:5 есебімен жеңген болатын.

Осы нәтижесінің арқасында Елена әлемдік рейтинг есебіне 195 ұпай қосты. Сондай-ақ 98500 АҚШ доллар көлемінде табыс тапты. 

Дохадағы турнирдің жалпы жүлде қоры 4 088 211 АҚШ долларын құрайды. Жарыс жеңімпазы 665 000 АҚШ доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу