Елена Рыбакина Дохада Олимпиада чемпионын тізе бүктірді

266

Шынтақ жарақатына байланысты ұзақ уақыт үзілістен соң кортқа оралған Қытай теннисшісі Елена Рыбакинадан айласын асыра алмады. 

Елена Рыбакина Дохада Олимпиада чемпионын тізе бүктірді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Катардағы беделді турнирде жеңісті жолын жалғастыруда.

Үшінші айналымда ол Қытай спортшысы, Олимпиада чемпионы Чжэн Циньвэньмен кездесті. Алғашқы сетте Елена жеңіліп қалды. Бірақ кейін ойын тізгінін өз қолына алып, келесі екі сетте басым түсті.

Кездесу 4:6, 6:2, 7:5 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін канадалық Виктория Мбокомен ойнайды. Матч бүгін Дохадағы орталық кортта Қазақстан уақытымен 20:00-де басталады. 

Айта кетейік, Qatar TotalEnergies Open турнирінің жүлде қоры 4,088,211 долларды құрайды. Жеңімпаз 1000 рейтингтік ұпай мен 665 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу