Елена Рыбакина финалда жол берді

932

Қазақстандық теннисші қыз Елена Рыбакина Аустралия ашық біріншілігінде күміс жүлдегер атанды.

Елена Рыбакина финалда жол берді

Ойын басталысымен Елена сенімді көрінді. Жақсы комбинациялар ұйымдастырып, шабуылдарды бірінің артынан бірін жасай берді. Бірінші сеттің алғашқы геймдерінде брейк жасап, Арина Соболенконы тығырыққа тіреді. Кейінен Белоруссия теннисшісі есепті теңестіргенімен Елена қайтадан алға шықты. Одан кейін өзінің геймін алып, 6:4 есебімен алғашқы сеттің жеңімпазы атанды.

Осы ойында атақты актер, Аустралия елінің тумасы Рассел Кроу көрермен болып отырдын. Оның алдындағы жартылай финалда Билл Гейтсті де көрген едік. Мұндай атақты тұлғалар Рыбакинаның ойынын көруге арнайы келіп жүр. Сонымен бірге, Еленаның әкесі Андрей Рыбакин де осында болғанын телекөрсетілімнен байқадық. Сіңлісі мен шешесін, сонымен қатар бапкерлер отыратын бокста Болат Өтемұратовты да байқап қалдық.  

Екінші сетті Арина Соболенко жақсы бастады. Қатарынан 2 брейк жасап, 3:1 есебімен алға шығып алды. Ал 5 гейм тіпті ұзаққа созылды. Белоруссиялық теннисші өз геймін ала алмай, әбден қиналды. Бірақ, ең соңында керемет эйс жасап есепті 4:1 қылды. Екінші сеттің тағдыры осы жерде шешілдгендей болып көрінді. 3 гейм басымдық алған Арина форхенд соққыларымен көзге түсті. Әрі жойқын соққыларын да іске қосты. 6 гейм 7-8 минутқа созылып барып, әрең аяқталды. Бірінші сетіміз небәрі 35 минутта аяқталса, екінші сеттің 6 геймі 42 минутқа жалғасты.

Есеп 2:5 болған кезде Соболенко брейк жасауға мүмкіндік алды. Бірақ, отандасымыз 197 шақырым жылдамдықпен соққы жасап, геймдегі есепті теңеді. Одан кейін тырмысып жүріп есепті 3:5 қылды. Қазақстан теннисшісінде екінші сетте де жеңіске таласатын мүмкіндік пайда болғандай еді. Негізі осы кездесуді жеңсе Елена Рыбакина 10 орыннан 8 сатыға көтерілетін еді. Өйткені дүйсенбі күні рейтинг жаңарушы еді.

Үшінші сетте таразы басын теңдей болып тұрды. Есеп 3:3 болып тұрған кезде Арина брейк жасап, 4:3 есебімен алға шықты. Одан кейін қос қарсылас бір-бірден шейм алып, 5-4 нәтижесі тіркелді. Шешуші геймде 4 мәрте матч пойнт орын алды. Соның төртіншісінде Елена алыс соққы жасап, қателік жіберді. Соның арқасында Арина Соболенко жеңімпаз атанды. Белоруссиялық теннисші өмірінде бірінші рет "Үлкен дулыға" додасын ұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу