Елена Рыбакина финалға шыға ала ма?

210

Бүгін, 7 қараша Қазақстан уақытымен 20:00-де Елена Рыбакина маусымның қорытынды турнирінде Джесика Пегулаға қарсы кортқа шығады. 

Елена Рыбакина финалға шыға ала ма?

Елена Рыбакина WTA маусымдық қорытынды турнирінің жартылай финалында Джессика Пегуламен кездеседі. Пегула "А" тобында екінші орын алды. Ол үш матчтың екеуінде жеңіске жетті. Америкалық теннисші италиялық Жасмин Паолини мен өткен жылғы чемпион Коко Гауффтан жоғары нәтиже көрсетті. Пегула тек әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға есе жіберді. Белорусь спортшысы Соболенко топтық кезеңнің үздігі атанды.
Пегуламен өткен төрт кездесудің үшеуінде америкалық теннисші жеңіске жеткен. Рыбакина қарсыласынан тек бір рет басым түскен. Дегенмен, соңғы ойында жеңіс қазақстандық спортшының еншісінде болды. Қыркүйекте командалық Billie Jean King Cup финалдық кезеңінде Рыбакина жабық хардта Пегуланы 6:4, 6:1 есебімен ұтқан.

Қазір Елена Рыбакина тоғыз матч қатарынан жеңіс сериясында.
WTA Finals жартылай финалдық кездесулері бүгін, 7 қарашада өтеді:

20:00 - Елена Рыбакина – Джессика Пегула
21:10 - Арина Соболенко – Аманда Анисимова

Айта кетейік, 2025 жылғы WTA Finals әйелдер теннисінен қорытынды турнирі екінші жыл қатарынан Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтуде.  Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры жаңа рекорд орнатты. Сыйақы мөлшері 15,5 миллион АҚШ долларын құрайды. Егер жеңімпаз турнирді жеңіліссіз аяқтаса, 5,07 миллион доллар табысқа ие болады. Әзірге Елена Рыбапкина үш матчта жеңіске жетіп, 1млн 405 мың доллар сыйақыға ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу