Елена Рыбакина Ига Швёнтектен айласын асыра ала ма?

110

Бүгін, 28 қаңтар Australian Open турнирінде Елена Рыбакина мен Ига Швёнтек арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 05:30-да басталады.

Елена Рыбакина Ига Швёнтектен айласын асыра ала ма?

Сәрсенбі, 28 қаңтар күні Australian Open турнирінің ширек финалында қазақстандық теннистің көшбасшысы Елена Рыбакина (№5) экс-әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтекпен (№2) кездеседі.

Рыбакина ширек финалға бельгиялық Элизе Мертенсті 6:1, 6:3 есебімен жеңіп шықса, Швёнтек аустралиялық Мэддисон Инглисті 6:0, 6:3 нәтижесімен ұтты.

Екі теннисші осы уақытқа дейін 11 рет кездескен. Қазіргі таңда жеке кездесулерде Рыбакина 5:6 есебімен қалып келеді. "Үлкен дулыға" турнирлерінде есеп - 1:1, ал Melbourne корттарындағы Australian Open-де қазақстандық спортшы алда - 1:0.

Рыбакина бұл турнирге жетінші рет қатысып отыр. Оның ең үздік нәтижесі 2023 жылғы финал. Швёнтек Australian Open-де сегізінші мәрте өнер көрсетуде және бұл оған әлі бағынбаған жалғыз "Үлкен дулыға" турнирі.
Соңғы кездесуде жеңіс Рыбакинаға бұйырды. Эр-Риядта өткен WTA Finals-2025 турнирінде жабық хардта қазақстандық теннисші 3:6, 6:1, 6:0 есебімен басым түсті. Ал бүгінгі кездесу Елена үшін жеке кездесулердегі есепті теңестіру үшін тамаша мүмкіндік. 

Айта кетейік, Australian Open-2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 111,5 миллион аустралиялық долларды (38,7 млрд теңге) құрайды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу