26 желтоқсанда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №5) Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен World Tennis Continental Cup көрме турнирі аясында әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтекпен кездесті.
Кездесу Швёнтектің жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:3.
Осылайша 2025 жылы теннисшілер өзара 6 рет кездесіп, 5 ойында жеңіс Швёнтекке бұйырса, 1 ойында Елена Рыбакина жеңіске жетті.
28 желтоқсанда қазақстандық теннисші Швейцария өкілі Белинда Бенчичке қарсы ойнайды. Сонымен қатар, ол ресейлік Андрей Рублёвпен бірге жұптық кездесуде Ига Швёнтек / Валентин Вашро дуэтіне қарсы кортқа шығады.
Айта кетейік, Қытайдағы турнир аясында әлемдік теннис жұлдыздарынан құралған Еуропа мен Әлем құрамалары өзара сынға түсіп жатыр.