Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінде жұптық сайыста жеңіске жете алмады

1049

Елена мен Вероника турнирдің финалына шыққаны үшін 650 рейтингтік ұпай мен 220 мың АҚШ долларын алады.

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінде жұптық сайыста жеңіске жете алмады

Қазақстандық Елена Рыбакина ресейлік Вероника Кудерметовамен дуэтте BNP Paribas Open WTA 1000 турнирінде жұптық сайыстың финалында бельгиялық Элиза Мертенс пен Тайвань өкілі Се Су-Вэйге 6:7 (1:7), 3:6 есебімен ұтылды.

1 сағат 34 минутқа созылған кездесуде Рыбакина мен Кудерметов екі эйс жасап, допты ойынға қосу барысында төрт қателік жіберді және төрт брейк-пойнт жасады. Ал олардың қарсыластары төрт рет қателік жіберіп, бес брейк жасады. Елена мен Вероника BNP Paribas Open турнирінің финалына шыққаны үшін 650 рейтингтік ұпай мен 220 мың АҚШ долларын алады. Ал жалпы турнирдің жүлде қоры 8,150 миллион долларды құрайды.

Бұл Рыбакина мен Кудерметова үшін бірлесіп сайысқа түскен екінші турнир болды. Тамызда олар Монреалдағы жарыста жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Айта кетейік, Елена Рыбакина осы турнирде жекелей сында да өнер көрсеткен болатын. Жарыстың екінші кезеңінде әлемдік рейтингте 16-орында тұрған Елена отандасы, әлемнің 43-ші ракеткасы Юлия Путинцевадан 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңілген болатын. Дегенмен ол жұптық сында тамаша өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.

Индиан-Уэллс турнирінде Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Виктория Азаренко жекелей сында финалға шықты. Жартылай финалда Беларусь спортшысы латвиялық Елена Остапенконы тізе бүктірді. Бірінші сетте Остапенко жеңіске жетті (3:6). Бірақ кейін Азаренка қалған екі ойында қарсыласынан басым түсті (6:3 және 7:5). Финалда Виктория Азаренко испаниялық Паула Бадосамен сынға түседі. Финалдық кездесу бүгін, 17 қазаннан 18 қазанға қараған түні, Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу