Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің 1/8 финалына шықты

148

Турнир 1-15 наурыз аралығында АҚШ-та өтуде. 

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің 1/8 финалына шықты

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/16 финалында Елена Рыбакина Украина спортшысы Марта Костюкпен кездесті. Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті – 6:4, 6:4. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездеседі. Картал бүгін таңертең америкалық Мэдисон Кизді (15-орын) жеңіп, сенсация жасады. 

Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы – ресейлік Мирра Андреева. Алайда ол чехиялық теннисші Катержина Синяковаға 4:6, 7:6 (7:5) 6:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. 

Елена Рыбакина – Сонай Картал арасындағы матч 11 наурызға жоспарланған. 

Жарыстың жеңімпазы 1 201 125 доллар сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпай еншілейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу