Елена Рыбакина Канада турнирінен қанша табыс тапты

119

Финалға дейін жеткені үшін Рыбакина 554 920 доллар көлемінде жүлде және 650 рейтингтік ұпай иеленді. 

Елена Рыбакина Канада турнирінен қанша табыс тапты Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы Canadian Open-2026 турнирінде чемпиондық атаққа бір қадам қалғанда тоқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші финалда сегізінші ракетка Ига Швёнтекпен кездесіп, жеңіліп қалды.

Финалға дейін жеткені үшін Рыбакина 554 920 доллар көлемінде жүлде және 650 рейтингтік ұпай иеленді.

Ал турнир чемпионы атанған Швёнтек 1 085 220 доллар сыйақыға және рейтингке 1000 ұпай қосты.

Айта кетейік, биылғы Торонто турнирінің жалпы жүлде қоры 7 433 076 долларды құрады. Рыбакина жарысқа екінші нөмірлі теннисші ретінде қатысып, Canadian Open-2026 додасының басты фавориттерінің бірі саналған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу