Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Қытайда өтіп жатқан Ningbo Open турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды. Ол өзбекстандық Полина Кудерметовамен кездеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлемдік рейтингте 105-орында тұрған Кудерметова жарыстың алғашқы кезеңінде испаниялық Кристина Букшаны (WTA рейтингінде 38-орын) 7:6 (5), 6:2 есебімен жеңді.
Рыбакина мен Кудерметова арасындағы матч 21 қазанға жоспарланған. Алдын ала мәлімет бойынша, кездесу Қазақстан уақытымен сағат 07:00-ден ерте басталмайды.
Айта кетейік, Рыбакина Нинбода өткен жылғы чемпиондық атағын қорғап жатыр. Қазақстандық теннисші былтырғы финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түскен еді.