Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымның соңғы кезеңіне қойған мақсатын айтып, Қытайдың Нинбо қаласындағы турнирге оралғанына қуанышты екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
WTA 500 санатындағы жарыс 19-25 қазан аралығында өтеді. Қазақстандық теннисші турнирге қазіргі чемпион ретінде қатысады. Былтыр ол финалда ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсіп, чемпиондық атақты жеңіп алған еді.
"Мұнда қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Бұл турнирден керемет естеліктерім бар. Биыл да жеңіске жетемін деп үміттенемін. Дегенмен, бәрін уақыт көрсетеді. Қазір мен үшін ең маңыздысы – рейтингте бірінші орынды сақтап қалуға тырысу. Тағы бірнеше апта бар күшімді салуым керек. Биылғы маусым сәтті өтті, бірақ ұзаққа созылды. Сондықтан қазір денсаулығыма көңіл бөліп, физикалық жүктемені, матчтар мен демалыс уақытын дұрыс үйлестіруге тырысып жүрмін. Маусымды жақсы нәтижемен аяқтағым келеді", – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.