banner

Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші кезеңіне өтті

1825

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Майамиде (Флорида штаты) WTA турнирін сәтті бастады.

Елена Рыбакина Майами турнирінің үшінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші екі сетте 6:4, 7:5 есебімен 24 жастағы румыниялық спортшы Елена Габриела Руземен кездесті. Матч 1 сағат 45 минутқа созылды. Кездесу барысында Рыбакина үш қос қателік жіберіп, сегіз ұпай мен төрт гейм қатарынан жеңіске жетті. Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Слоун Стивенсті жеңген америкалық Джессика Пегуламен сынға түседі. 1/16 финал 26-наурызға жоспарланған.

Соңғы рет Елена Индиан-Уэллс турниріне қатысты. Ол әлемнің 6-ракеткасы Мария Саккаримен кездесіп, 7:5, 6:4 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Соған қарамастан қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтегі орнын біршама жақсартып, 18-орынға тұрақтады.

Аустралиялық Эшли Барти Әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалды. Польшалық Ига Свёнтек екінші орынға, ал үшінші орынға грекиялық Мария Саккари көтерілді. Қазақстандық теннисшілерден Юлия Путинцева 47-орында қалса, Зарина Дияс екі саты төмендеп, 112-орынға жайғасты.

Сонымен қатар бұл турнирде қазақстандық теннисшілерден ерлер арасында Михаил Кукушкин мен Александр Бублик те өнер көрсетуде. 1/32 финалда Бублик колумбиялық Дэниэль-Элаи Галанмен, ал Кукушкин Индиан-Уэллстегі турнирдің жеңімпазы Тэйлор Фрицпен кездесетін болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу