Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

108

1/4 финалдық кездесу 2 сағат 16 минутқа жалғасты. 

Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша 2:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 151 380 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Жартылай финалда Рыбакина Арина Соболенко (WTA №1) мен Хэйли Баптист (WTA №45) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу