Елена Рыбакина маусымдағы соңғы турнирге қатысады

246

25-27 желтоқсан күндері Қытайдың Шэньчжэнь қаласында әлемдік теннис жұлдыздары бас қосуда. 

Елена Рыбакина маусымдағы соңғы турнирге қатысады Фото: Жеке парақшасынан

2026 жылғы теннис маусымының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Осыған байланысты желтоқсанның соңғы аптасында ұйымдастырылған көрме турнирлері алдағы ресми жарыстар алдындағы нағыз сынақ алаңына айналып отыр. Соның бірі – World Tennis Continental Cup. Бұл дода 2025 жылдың Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатыр.

Турнир аясында Еуропа мен Әлем құрамалары өзара сынға түсіп жатыр. Еуропа командасын әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Ига Швёнтек бастап шықса, оның қасында Валентин Вашро, сондай-ақ басқа да әлемдік теннис жұлдыздары бар. 

Ал әлем құрамасының сапында жанкүйерлерге жақсы таныс жұлдыздар – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен ресейлік теннисші Андрей Рублёв өнер көрсетеді. Бұл бәсекелер жаңа маусым қарсаңында ойыншылардың дайындығын, бабын байқайтын мүмкіндік болмақ.

Бүгін, 26 желтоқсанда Елена Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы, польшалық Ига Швёнтекке қарсы матч өткізеді. Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады. 

28 желтоқсанда қазақстандық теннисші Швейцария өкілі Белинда Бенчичке қарсы ойнайды. Сонымен қатар, ол ресейлік Андрей Рублёвпен бірге жұптық кездесуде Ига Швёнтек / Валентин Вашро дуэтіне қарсы кортқа шығады.

2025 жылы теннисшілер өзара 5 рет кездескен. Алғашқы 4 бетпе-бет ойында жеңіс Швёнтекке бұйырды. 

Алайда соңғы кездесуде Рыбакина реванш алып, WTA Қорытынды турнирінде Эр-Риядта Швёнтекті 3:6, 6:1, 6:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл жеңіс Еленаның маусымдағы ең жарқын жетістіктердің бірі болды.

Осы беделді жарыстың финалында қазақстандық теннисші әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенконы сенімді түрде жеңіп, өзінің жоғары деңгейін және ең қауіпті қарсыластардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұдан бөлек, Елена әлемдік теннис тарихындағы ең қомақты сыйақыға да қол жеткізген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу