Елена Рыбакина Нинбо турнирінің финалына шықты

323

Финалда жеңіске жеткен жағдайда Елена Рыбакина 500 рейтингтік ұпай мен қомақты сыйақыға ие болады. 

Елена Рыбакина Нинбо турнирінің финалына шықты

Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық теннисші (WTA №9) Елена Рыбакина жартылай финалда италиялық Жасмин Паолиниді (WTA №8) 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұған дейін қарсыластар бес рет кортта кездесіп, олардың үшеуінде жеңісті Паолини еншілеген еді. Алайда бұл жолы басымдық Елена Рыбакина жағында болды.

Бірінші партияда есеп 4:3 болған сәтте қазақстандық теннисші брейк жасап, партияны 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші сетте Рыбакина ойын тізгінін толықтай бақылауда ұстап, екі рет брейк жасап, сетті 6:2 есебімен түйіндеді.

Бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуде Елена Рыбакина 10 эйс орындап, 10 брейк-пойнттың үшеуін сәтті жүзеге асырды. Осылайша қазақстандық спортшы сенімді ойын көрсетіп, финалға жолдама алды.

Финалда Елена Диана Шнайдер – Екатерина Александрова жұбының жеңімпазы Екатиринамен кездеседі. Матч 19 қазан күні Қазақстан уақыты бойынша 14:00-де басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу