Елена Рыбакина Нинбодағы турнирге қатысатынын растады

180

19-25 қазан аралығында өтетін жарысқа қазіргі чемпион мәртебесінде барады. 

Елена Рыбакина Нинбодағы турнирге қатысатынын растады Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Нинбода өтетін WTA-500 санатындағы турнирге қатысатынын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемнің бірінші ракеткасы Қытайда 19-25 қазан аралығында өтетін жарысқа қазіргі чемпион мәртебесінде барады.

"Биыл Нинбоға қайта оралатыныма өте қуаныштымын. Былтыр мұнда жеңіске жетіп, керемет әсер алдым. Нинбоға қайта барып, турнирдің ерекше атмосферасын сезініп, жанкүйерлермен кездесуді асыға күтіп жүрмін. Кездескенше!", – деді Рыбакинаның сөзін жарыстың баспасөз қызметі таратқан.

Өткен маусымда қазақстандық теннисші турнирдің финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде ресейлік Екатерина Александровадан басым түскен еді.

Финалдық матч 3:6, 6:0, 6:2 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Енді әлемнің бірінші ракеткасы Нинбодағы титулын қорғап, былтырғы жетістігін қайталауға тырысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу