Елена Рыбакина "Ролан Гаррос-2025" турнирін жеңіспен бастады

265

Алғашқы кездесуде жеңіске жеткен Елена 117 мың еуро табыс тауып үлгерді. 

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос-2025" турнирін жеңіспен бастады Фото: news.sportbox.ru

Париж төрінде өтіп жатқан әлемнің беделді теннис турнирлерінің бірі – "Ролан Гаррос" алаңында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA №11) алғашқы айналымнан сүрінбей өтті.

Ол аргентиналық Юлия Риераны (WTA №202) үш сетке созылған матчта 6:1, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Бірінші сетте Рыбакина қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, небәрі 23 минутта 6:1 есебімен жеңді. Алайда екінші партияда аргентиналық теннисші қайсар мінез көрсетіп, Рыбакина 4:2 есебімен алда тұрғанына қарамастан, сетте жеңіліп қалды. Үшінші сетте шеберлік пен сабырлық танытқан Елена мықтылығын дәлелдеп, матчты өз пайдасына аяқтады.

Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды. 

Келесі айналымда Рыбакина америкалық Ива Йовичпен (№129) кездеседі. Ол мексикалық Рената Сарасуаны (№74) 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Елена жуырда ғана Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінде топ жарып, мансабындағы тоғызыншы титулын жеңіп алды. Бұл – оның 2024 жылдың сәуірінен бергі алғашқы жеңісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу