Елена Рыбакина ТОП - 10 теннисші қатарына қайта оралды

314

Бүгін Елена Рыбакина АҚШ-та өтетін турнирге қатысады. 

Елена Рыбакина ТОП - 10 теннисші қатарына қайта оралды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирден кейін әлемдік рейтингтегі ТОП-10 қатарына қайта оралды. Live-рейтингте қазақстандық теннисші бірден екі сатыға көтеріліп, 12-орыннан 10-орынға шықты. 

Бүгін, 9 тамыздан 10 тамызға қараған түні Елена Рыбакина АҚШ-та өтетін WTA 1000 сериясындағы Цинциннати турнирінде алғашқы матчын өткізеді. Рыбакинаның қарсыласы мексикалық Рената Сарасуа (68-орын). Олар екінші айналымда кездеседі. Бұл матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 23:30-да басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Цинциннати турниріне дейін Рыбакина Канадада өткен Монреаль жарысына қатысып, жартылай финалға дейін жетті. Сол жерде ол болашақ чемпион, канадалық Виктория Мбокодан 6:1, 5:7, 6:7 есебімен ұтылды. Рената Сарасуа да Монреаль турнирінде бақ сынап, сәтсіз өнер көрсетті. Ол екінші айналымда латвиялық Елена Остапенкоға 2:6, 6:4, 2:6 есебімен жол берді.

Биыл Цинциннати қаласында өтетін WTA турнирінің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу