Елена Рыбакина Торонто турниріндегі тартысты матчта жеңіске жетті

106

Қазақстандық теннисші төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, америкалық Энн Лимен таласады.  

Елена Рыбакина Торонто турниріндегі тартысты матчта жеңіске жетті Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Торонто (Канада) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарысты екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 61-орындағы аустралиялық Дарья Касаткинамен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін өзара бес рет кездесіп, соның үшеуінде Рыбакина жеңген еді. 
Уимблдоннан кейін үзіліс алған қазақстандық спортшы бұл жолы бірінші партияда 3:0 есебімен алға кетіп, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. 

Екінші сетті теннисшілер брейк алмасумен бастады. Бұдан кейін аустралиялық спортшы 4:2 есебімен алға кеткенімен, Елена таразы басын теңестіре алды – 4:4. Алайда жиі қателескен Рыбакина сетті беріп қойды – 5:7. 

Үшінші, шешуші партияда Елена Рыбакина 3:1 есебімен алға шықты. Ақыры бәсекені жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Екі сағат 32 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 15 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Касаткина 3 эйс, 3 брейкпен (12 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Елена Рыбакинаның допты ойынға қосқанда 16 рет қосарлы қателікке жол бергені алаңдатады.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, америкалық Энн Лимен таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу