Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы, америкалық Кори Гауффпен кездескен отандасымыз үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті.
Алғашқы сетте Гауфф 7:5 есебімен басым түскен. Алайда Рыбакина кейінгі екі партияда қарқынын күшейтіп, қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша қазақстандық теннисші шешуші кездесуге өтті. Финалда Рыбакина Польша өкілі Ига Швентекпен кездеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу