Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты

108

Енді америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

Елена Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шықты Фото: William West/AFP via Getty Images

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 13-ракеткасы жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матч Рыбакинаның басымдығымен 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 14 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу