Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
1/8 финалда әлемдік рейтингте 55-орында тұрған ресейлік Людмила Самсоновамен кездескен қазақстандық теннисші үш сет қорытындысы бойынша 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч 2 сағат 55 минутқа созылды. Рыбакина 11 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Ол жеті брейк-пойнтты жүзеге асырды.
Ширек финалда Рыбакинаның қарсыласы канадалық Лейла Фернандес пен жапондық Наоми Осака арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу