Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласын ойсырата ұтты

439

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласын ойсырата ұтты Фото: Чемпионат

Уимблдон жарысында 2022 жылы үздік шыққан қазақстандық теннисші бұл жолы бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянмен өткізді.

Қарсыластар осыған дейін бір-ақ рет кездесіп, онда Рыбакина жеңген еді.

Өткен жылы Уимблдонда жартылай финалға дейін жеткен қазақстандық спортшы бірінші партияда 5:0 есебімен алға кетті. Аванесян есепті қысқартқанымен, Рыбакина сетті брейкпен тәмамдады – 6:2.

Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте Елена брейк жасай алды. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:1.

Бір сағатқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Аванесян 1 эйс, брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін кезінде рейтингіде 3-орынға дейін көтерілген, қазір 77-сатыдағы грекиялық Мария Саккаримен таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу