Елена Рыбакина үзілістен кейінгі алғашқы турниріне дайындықты бастады

74

Канададағы жарыс Рыбакина үшін үзілістен кейінгі алғашқы ресми турнир болмақ. 

Елена Рыбакина үзілістен кейінгі алғашқы турниріне дайындықты бастады Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канадаға барып, Торонтода өтетін WTA 1000 санатындағы турнирге дайындықты бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Теннисші Instagram Stories парақшасында корттағы жаттығу сәттерінен фото жариялап, оған "Сәлем, Торонто!" деген жазба қалдырған.

Канададағы жарыс Рыбакина үшін үзілістен кейінгі алғашқы ресми турнир болмақ. Матчтар 2–13 тамыз аралығында ашық хард корттарында өтеді. Қазақстандық теннисші турнирге қатысушылар тізіміне ресми түрде енгізілген.

Турнирдің жүлде қоры – 7 433 076 доллар. Торонтода әлемнің жетекші теннисшілері бас қосады. Бұл жарыс олардың US Open – 2026 турниріне дайындығындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу