Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

1468

Остравадағы турнирдің жүлде қоры 757 900 АҚШ долларын құрайды.

Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Остравада (Чехия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің 1/4 финалында жеңіске жетті.

Жартылай финалға шығу үшін WTA рейтингінде 26-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 20-орында келе жатқан екі "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы, 2016 жылғы Олимпиаданың жүлдегері чехиялық Петра Квитовамен кездесу өткізді. Рыбакина екі сетте сенімді жеңіске жетті – 7:6 (7:5), 6:4. Айта кетейік, Квитова 2011 және 2014 жылдары Ұлыбритания ашық чемпионатын (Уимблдон) екі рет жеңіп алды.

Турнирдің финалына шығу үшін ол Барбора Крейчиковамен ойнайды. Барбора бұған дейін 1 сағат 49 минутта әлемнің 144-ракеткасы америкалық Алисия Парксты 7:6 (7), 6:3 есебімен ұтты. Бүгін, 8 қазан еліміздің бірінші ракеткасы Остравадағы орталық кортта елорда уақытымен кешкі сағат 18:00-де жартылай финалдық кездесуін өткізеді.

Сонымен қатар елордада ATP 500 Astana Open турнирі өтіп жатыр. Жарыстың ширек финалында "Үлкен дулыға" турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович ресейлік Карен Хачановты жеңді. 1 сағат 29 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:3 есебімен сербиялық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Тағы бір ширек финалдық матчта әлемнің төртінші ракеткасы ресейлік Даниил Медведев испаниялық Роберто Баутиста-Агутаны бір сағаттық ойында сенімді түрде ұтты – 6:1, 6:1. Жартылай финалда Медведев "Үлкен дулыға" турнирінің 21 дүркін чемпионы Новак Джоковичпен кездеседі. Матч бүгін Астанадағы орталық кортта 18:00-де басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу