Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

131

Елена Рыбакина өз мансабында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанып қана қоймай, Мельбурнде чемпиондық титул иеленген Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші болды.

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады Фото: © AFP 2024 / FREDERIC J. BROWN

WTA чемпиондық жарысы – теннисшілердің тек ағымдағы күнтізбелік жылда жинаған ұпайлары есепке алынатын жылдық рейтинг. Маусым қорытындысы бойынша үздік 8 теннисші WTA Finals басты турниріне қатысу құқығына ие болады.

Аустралия ашық чемпионатындағы жеңісінен кейін Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысының жаңа көшбасшысы атанды.

Мельбурндегі триумф оған рейтингте бірден 32 сатыға көтеріліп, 1-орынға шығуға мүмкіндік берді.

Бұған дейін 4-орында тұрған әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 2-орынға жайғасты. Үздік үштікті Элина Свитолина түйіндеді.

Сондай-ақ, бүгінгі жаңартылған рейтинг бойынша, Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің 3-ші ракеткасы атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу